Қарағанды тұрғыны танысына сеніп, 7 млн теңгесінен айырылған

polisia.kz
polisia.kz

Алданғанын түсінген 39 жастағы азамат полицияға жүгінді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам танысының сеніміне кіріп, өзін сенімді серіктес ретінде көрсетіп, одан миллиондаған теңге алған. Алданғанын түсінген 39 жастағы азамат полицияға жүгінді.

Оның айтуынша, күдікті бұрын өзіне де, таныстарына да бірнеше рет көмектесіп, сенімді адам ретінде бедел қалыптастырған. Осы сенімге ие болған азамат құрылыс материалдарын сатып алу қажеттігін айтып, жәбірленушіден 5 миллион теңге қарыз сұраған.

Алғашында ол төлемдерді уақытылы жасап, кейін қайтадан қарыз алып отырған. Бірінші қарызын толық өтеместен, тағы 2 миллион теңге сұраған.

Осылайша, биылғы ақпан айына қарай жалпы қарыз көлемі 7 миллион теңгеге жеткен. Жағдайдың күрделенгенін түсінген борышкер барлық соманы айдың соңына дейін қайтаруға міндеттеніп, қолхат та жазып берген. Алайда содан кейін ол байланысқа шықпай, ақшамен бірге “ізін суытқан”.

Үш ай бойы қаражатын қайтаруға тырысқан жәбірленуші нәтиже болмаған соң полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 37 жастағы күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстады.

Ер адам өз кінәсін мойындап, түсініктеме берген. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Істің барлық мән-жайы анықталады.

Оқи отырыңыз: Ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 7 медаль түсті

Новости партнеров