Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған бойжеткен аман қалды

17.11.2025 14:28

Ол жедел жәрдем бригадасына  жеткізілді

Қарағанды қаласында төтеншеліктер 17-қабаттан секірмек болған қыздың өмірін аман сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құтқарушылар шұғыл түрде шатыр арқылы альпенистік құрал-жабдықтардың көмегімен үйдің терезесіне сырттан түскен. Артынша өзіне қол жұмсамақ болған жас қызды қауіпсіз жерге тартып алған көрінеді. Осылайша қырағы құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды.

«15 қарашада шамамен түнгі сағат бірде полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы Республика даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде қыз баланың  17-қабаттағы пәтердің терезесінен секірмек болғанын  хабарлайды. Оқиға орнынан жедел  құтқарушылар 17-қабаттан денесі жартылай шығып тұрған қызды байқайды. Құтқарылған азаматша  жедел жәрдем бригадасына  жеткізілді», – деді Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері Мадияр Ажаков.

Оқи отырыңыз: Заңгер Арман Дүйсеновтің отбасындағы мәселені өз қолына алғанын айтты