Қарағандының ​​аумағы ұлғаяды - Үкімет шешімді мақұлдады

Қарағанды қаласының әкімдігі
Қарағанды қаласының әкімдігі

Әкімшілік шекараның өзгеруі қалалық ортаны кешенді дамытуға мүмкіндік береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет Қарағанды қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы шешімді мақұлдады. Соған сәйкес облыс орталығының құрамына Бұқар жырау ауданынан жалпы аумағы 281 гектар жер учаскесі қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Көкпекті стансасының (бұрынғы Солонички) тұрғындары елді мекенді толықтай Қарағанды қаласының қарамағына беруді көптен бері сұрап келген. Бұған дейін тұрғын үйлер Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданына қараса, қалған жер аумағы Бұқар жырау ауданының құрамында болған. Көкпекті стансасында 500 адам тұрады, 120 аула мен мектеп бар", — делінген хабарламада.

Қала аумағын кеңейту Қарағандының одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасауға, аумақты тиімді жоспарлауға және әлеуетті инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Әкімшілік шекараның өзгеруі қалалық ортаны кешенді дамытуға мүмкіндік беріп, жаңа нысандар салуға, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға жол ашады.

Оқи отырыңыз: Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді