Референдумға дейін:
16
күн
1
сағат
45
минут

Қарасөз қара өлеңге айналғанда: Әлібек Шегебайдың өлеңдер жинағы таныстырылды

Автор ұлы ақын Абайдың 45 қара сөзін өлеңге айналдырып жазып шыққан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қарасөз қара өлеңге айналғанда». Бүгін осы атаумен елімізге белгілі ақын Әлібек Шегебайдың өлеңдер жинағы подкаст түрінде таныстырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Автор ұлы ақын Абайдың 45 қара сөзін өлеңге айналдырып жазып шыққан. Кітаптың мақсаты – қарасөзді жас ұрпаққа жеңіл тілмен ұсыну. Әдеби-подкаст қатысушыларға тың серпін беріп, жастарды шабыттандырды. Жоба ұйымдастырушысы Еділ Анықбайдың сөзінше, бұл оқушылардың әдеби танымын кеңейтеді.

«Біріншіден, ақынмын. Екіншіден, қазақтың табиғатына өлең жақын ғой. Кез келген нәрсені өлеңмен айтқымыз келеді, өлеңмен жеткізгіміз келеді. Сол себептен ойда жүрген дүние еді», – деді халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әлібек Шегебай.

«Кездесуге тағы бір себеп болған нәрсе – мектебіміздің миссиясы, дәстүрді сақтай отырып, келешекті қалыптастыру. Яғни дәстүрді сақтау – өлеңді, поэзияны дұрыстап сақтау. Ал жаңа формат – подкаст», – деді Ш.Уәлиханов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Еділ Анықбай.

Оқи отырыңыз: Рамазан: себепсіз сый – шынайы құрмет

Новости партнеров