Референдумға дейін:
16
күн
0
сағат
22
минут

Жаңа Конституция жобасы ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды күшейтуде - Абзал Құспан

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жаңа Конституция жобасы отбасы мен неке ұғымдарын нақтылай түсті». Осылай деген Мәжіліс депутаттары бұл норманың маңызды екенін алға тартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Айтуларынша құжат неке ер мен әйелдің арасындағы теңдікке, еркіндікке және өзара жауапкершілікке негізделеді. Бұл қағида отбасы мүшелерінің, әсіресе балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Олар неке қию кезінде ер мен әйелдің өз еркімен келісуі басты талап болатынын және сол арқылы алып қашу сияқты заңсыз әрекеттердің алдын алуға болатынын жеткізді. 

«Көп жағдайда баланы тек әйел адам асырау міндетті болып қалған немесе белгілі бір шаруаларды тек бір адам ғана істеу қалыпты жағдайға айналған. Алып қашу сияқты ескілік бар. Ер адам мен әйел адам тең. Сонымен қатар тек мемлекетпен бекітілген неке ғана. Егер мемлекеттік тіркеу болмайтын болса неке деп танылмайды», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ.

Жаңа Ата Заң жобасында некені тек ер мен әйелдің арасындағы одақ ретінде қарастыру көзделген, ал басқа некелік формалар заңды түрде мойындалмайды. Халық қалаулыларының айтуынша, тәсіл ұлттық дәстүріміз бен мәдени құндылықтарымызды сақтау, отбасы институтын нығайту мақсатында енгізілген.¤

«Оның алдында бір топ бастамашы болып депутаттар ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қабылдадық. Бұл Конституцияда осы норманы күшейтіп жатырмыз.  Ерікті түрде болу керек, ер мен әйелдің арасында болу керек, басқа ешбір формасын Қазақстан мемлекет ретінде қабылдамайды», –деді  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Абзал Құспан.

Оқи отырыңыз: Алматылық ақсақалдар алқасы Конситутция жобасына енгізілген өзгерістердің маңызын тарқатты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров