Қаратау қорығында сібір елігі көбейе бастады
Соңғы екі жылда аналық еліктердің төлдегені тіркелген
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында сібір еліктері тұрақты популяция қалыптастыра бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство мәліметінше, 2024 жылдан бері сібір еліктері (Capreolus pygargus) қорық аумағында жылдың төрт мезгілінде де кездесіп келеді. Бұл жануарлардың Қаратау табиғатына бейімделіп, аталған аумақты тұрақты мекен ету ортасына айналдырып жатқанын көрсетеді.
"Ең қуаныштысы – соңғы екі жылда аналық еліктердің төлдеуі тіркелген. Бұл түрдің жаңа ортаға бейімделіп қана қоймай, табиғи жолмен көбейіп жатқанын көрсететін маңызды белгі", – деп хабарлады министрлік.
Қазір қорық мамандары сібір еліктерінің таралу аймағын, тіршілік ету ерекшеліктерін және популяциясының қалыптасу барысын ғылыми мониторинг арқылы бақылап отыр.
Мамандардың айтуынша, жабайы жануарлардың жаңа мекенге бейімделіп, табиғи жолмен көбеюі экожүйе үшін маңызды құбылыс.
Оқи отырыңыз: Елімізде қалдықтарды қайта өңдеуді дамытуға 122 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді