Бүгінде жасөспірім қамауға алынған
Түркістан облысында қараусыз қалған ғимараттан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Нақтырақ айтсақ, 21 жастағы жігіттің пышақталған денесі Төлеби ауданына қарасты Леңгір қаласынан табылған. Күдікке кәмелет жасына толмаған, 9- сыныпты аяқтаған қаршадай қыз ілінді. Бүгінде жасөспірім қамауға алынған. Алайда қайғылы жайттың нақты қалай өрбігені, арада не болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның ақ-қарасын полиция анықтап жатыр.
«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір барлық мәнжайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деді Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Балалар қауіпсіздігі – басты назарда: Заң бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізілді