Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ

17.10.2026 16:50

Елімізде «Ата-анаңның үйін тексер» республикалық акциясы жүріп жатыр

Аlmaty.tv

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ата-анасының үйіне барып, өрт қауіпсіздігіне көз жеткізуге шақырды. Уақытылы тексеру тұрмыстағы қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектесуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрлік «Ата-анаңның үйін тексер» республикалық акциясы аясында жақындарының қауіпсіздігіне көңіл бөлудің маңызын еске салды.

Әсіресе электр сымдарының жай-күйіне, пеш пен мұржаның жарамдылығына назар аудару қажет.

Сондай-ақ үйде өрт хабарлағыштары мен көміртегі тотығын анықтайтын датчиктердің бар-жоғын және олардың дұрыс жұмыс істейтінін тексерген жөн.

ТЖМ азаматтарды бұл істі кейінге қалдырмай, ата-анасының үйіндегі қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға үндейді.

Оқи отырыңыз: Вакцинация балаларды жұқпалы аурулардың ауыр асқынуынан қорғайды

Толық көрсету