Қаржы пирамидасын ұйымдастыруға күдікті азамат Грузиядан елге қайтарылды

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол еліміздің бірнеше өңірінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экономикалық қылмыс жасады деген күдікке ілінген азамат Грузиядан Қазақстанға жеткізілді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол 2019-2021 жылдар аралығында ұйымдасқан топ құрамында болып, еліміздің бірнеше өңірінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарған. Тұрғындарға жоғары табыс уәде етіп, 10 миллиард теңгеден астам қаражат жинаған бұл ұйымның бірқатар қатысушылары бұған дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Ал аталған күдікті оқиғадан кейін бой тасалап үлгерген екен.

«2026 жылғы ақпан айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркілене отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында құтқарушылар тауда адасып қалғандарға көмекке келді

Новости партнеров