Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

пресс-служба Акорды
пресс-служба Акорды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың ел өміріндегі айрықша рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысы өткен жылы Ақордада ардақты кәсіп иелерін қабылдап, оларға құрмет көрсетілгенін еске салды. Биыл да бұл игі дәстүр жалғасып, медицина мамандарымен кездесуге ризашылық білдірді.

"Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деген тағылымды сөзге ерекше мән берген. Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда, дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша екені сөзсіз", - деді Президет.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта елімізде Әділетті, Күшті, Озық әрі Таза Қазақстан құру бағытында ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын айтты. Мемлекет басшысы бұл өзгерістердің түпкі мақсаты – жас ұрпақ үшін қуатты әрі берік мемлекет қалыптастыру екенін атап өтті.

Президент наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум кезінде азаматтардың жоғары азаматтық белсенділік танытқанын, соның ішінде медицина саласы мамандарының да бұл үдеріске белсене қатысқанын жеткізді.

Оның айтуынша, халықтың біртұтас ұлт ретінде маңызды шешім қабылдап, жаңа Конституцияны қолдауы елдің жарқын болашағына жол ашқан тарихи қадам болды.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегін ерекше атап өтіп, олардың ел азаматтарының денсаулығын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

"Мен Мемлекет басшысы ретінде осы салада табанды еңбек етіп жүрген барша қызметкерге шынайы ризашылығымды білдіремін"; - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Иран қол жеткізген келісімді құптады

Новости партнеров