«Қауіпсіз балалық шақ»: өңірлерде қауіпсіздік сабақтары өткізілуде
«Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» профилактикалық акциясының төртінші күні «Қауіпсіз балалық шақ» ұранымен өтуде, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еліміздің барлық өңірінде құтқарушылар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібін үйретуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырды.
Бүгінгі күні профилактикалық акцияға еліміз бойынша 565 білім беру ұйымынан 27 мыңнан астам бала, педагог пен қызметкер қатысты.
Құтқарушылар 407 қауіпсіздік сабағын, интерактивті ойындар өткізіп, 342 практикалық эвакуациялық жаттығу ұйымдастырды. Әсіресе өрт кезіндегі дұрыс әрекет ету дағдыларын пысықтауға, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен таныстыруға және шұғыл қызметтерді шақыру тәртібін үйретуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері тұрғын үй секторында профилактикалық аралау жұмыстарын жалғастырды. Шамамен 19,5 мың тұрғын үй мен пәтер араланып, 38 мыңға жуық тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 1 016 датчик орнатылды.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласындағы қойма ғимаратында орын алған өрт оқшауланды