Қауіпсіз жол: Түркістан облысында бір тәулікте 634 құқықбұзушылық анықталған

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Жол ережесін бұзғандарға шара қолданылып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы ПД бастығының бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 2-4 қаңтар аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, іс-шара барысында небәрі бір тәулікте жол қозғалысы бойынша 634 құқықбұзушылық анықталып, 69 автокөлік айыптұраққа қойылған.

"Мәселен, рейд кезінде көлік басқару құқығы жоқ 14 жүргізуші, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген 13 автокөлік, сондай-ақ мас күйінде көлік басқарған 6 жүргізуші, қарама-қарсы бағытқа шыққан 3 құқықбұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар жеңіл көлік басқарған 4 жасөспірім тоқтатылып, ата-анасына әкімшілік шара көрілді.

"Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды, мас күйде көлік басқармауды және кәмелетке толмағандарға автокөлік тізгінін сеніп тапсырмауды сұраймыз. Жол қауіпсіздігі - әрбір қатысушының жауапкершілігі", - деп ескертеді ПД өкілдері. 

Оқи отырыңыз: Алаяқтарға алданып қалмаудың 5 негізгі ережесі – полицейлер кеңесі

Новости партнеров