Үш ересек пен бір бала – барлығының жағдайы өте ауыр
Ақтауда бүтін бір отбасы ысталған балықтан уланып, жансақтау бөліміне түсті. Үш ересек пен бір бала – барлығының жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар ысталған балық жегеннен кейін жүрегі айнып, құса бастаған. Кейін халі нашарлаған соң жедел жәрдемге жүгініпті. Дәрігерлер науқастардың ағзасынан ботулизмге тән қауіпті белгілерді анықтаған: әлсіздік, бас айналу, жұтынудың қиындауы, көрудің нашарлауы, тамақтың құрғауы, көздің бұлдырауы және естен тану белгілері болған. Барлығы жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Науқастарға ботулизмге қарсы сарысу енгізген. Науқастар әзірге дәрігерлердің бақылауында.
«Зардап шегушілер 17 қыркүйекте күдікті тамақты пайдаланады, 18 қыркүйекте ауыра бастайды, бірақ медициналық көмекке тек 19-ы жүгінеді. Соның нәтижесінде барлық науқастар ботулизмнің ауыр түріменен жасанды тыныс алу аппаратына қосуға мәжбүр болып, қатаң жағдайда жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Науқастардың клиникалық жағдайына байланысты барлық симптомптикалық және ағзасына дезинтаксикациялық емдер жүргізіліп жатыр, – деді Маңғыстау облысы Көпбейінді ауруханасының эпидемиолог дәрігері Марал Қадыр.
Оқи отырыңыз: 300 миллион теңге несие қаражаты мақсатсыз жұмсалған