Референдумға дейін:
2
күн
12
сағат
16
минут

Қауіпті қалдықтарды жинау: Алматыда экологиялық акция өтті

Мамандардың айтуынша, бірнеше сағат ішінде 5 тоннаға жуық қалдық қабылданып, арнайы өңдеу орындарына жөнелтілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қайталама шикізат пен қауіпті қалдықтарды жинауға арналған экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара барысында қала тұрғындары қайта өңдеуге жарамды қалдықтардың 17-ден астам түрін тапсырып, қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді үлес қосты. Мамандардың айтуынша, бірнеше сағат ішінде 5 тоннаға жуық қалдық қабылданып, арнайы өңдеу орындарына жөнелтілген.

«Бұл экологиялық акцияны бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеміз. Жыл өткен сайын оған қатысатын қала тұрғындарының саны артып келеді. Биыл мыңнан астам алматылық жиналады. Небәрі 3–4 сағаттың ішінде шамамен 5 тоннаға жуық қалдық жиналды», – деді ұйымдастырушы Кәмилә Әкімбекова.

«Бірнеше үлкен аймақ бар. Киім алмасу, өсімдіктердің алмасу, кітап алмасу аймағы бар. Тұрмыстық қалдықтарын 20 түрін өңдеуге тапсыруға болады», – деді эколог Пакизат Сайлаубекова.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның 200 мың педагогі ChatGPT Edu жобасына қосылады

Новости партнеров