Қазақ музыкасының алып тұлғасы Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толды

e-history.kz   https://kaz.inform.kz/news/ult-unn-notaga-tusrgen-ahmet-zhubanovtin-tuganina-120-zhil-toldi-cf8109/
e-history.kz https://kaz.inform.kz/news/ult-unn-notaga-tusrgen-ahmet-zhubanovtin-tuganina-120-zhil-toldi-cf8109/

Біртуар тұлға бірнеше буын өнер саласы мамандарын тәрбиелеуге де өлшеусіз үлес қосты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін қазақтың кәсіби музыка мәдениетінің негізін қалаушы, көрнекті композитор, дирижер әрі музыка зерттеушісі Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Ахмет Жұбанов қазақ музыкасын күрделі аспаптық және симфониялық шығармалармен байытты.

Ол композитор Латиф Хамидимен бірлесіп «Абай» және «Төлеген Тоқтаров» операларын, сондай-ақ кейін қызы Ғазиза Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» операсын жазды.

Біртуар тұлға бірнеше буын өнер саласы мамандарын тәрбиелеуге де өлшеусіз үлес қосты.

Айтулы күнге орай назарларыңызға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында түсірілген бейнематериалды ұсынамыз.

Оқи отырыңыз: Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

Новости партнеров