Ақтау теңіз портында кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған Ақтау порты акваториясын тереңдету жобасын іске асыру жалғасуда, - деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда бас мердігер жобаны іске асыру үшін қажетті геодезиялық зерттеу жұмыстарын және алынған деректерді өңдеуді аяқтады.
Дайындық кезеңі аясында арнайы тереңдету жұмыстарын жүргізетін флоттың, басқа да техникалар мен жабдықтардың жұмылдырылуы жүргізілуде. Сонымен қатар, учаскеде қоршау бөгетін салу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 785 метр болатын құрылыстың 680 метрі салынды.
Негізгі тереңдету жұмыстарын бастау ағымдағы жылдың шілде айының екінші жартысына жоспарланған. Жобаны толық аяқтау 2026 жылдың соңына дейін көзделіп отыр. Жұмыстардың нәтижесінде порт акваториясы 6–7 метрге дейін тереңдетіледі. Бұл кемелердің толық жүктелуін қамтамасыз етуге және жүктерді өңдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба ТХКБ әлеуетінің артуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болады: 2028 жылға қарай оның қуатын 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл Қазақстанның Шығыс – Батыс бағыты бойындағы маңызды көлік-логистикалық торап ретіндегі рөлін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
2026 жылдың 5 айында ТХКБ арқылы Қытай – Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымал көлемі 30%-ға өсті.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысындағы Бұхар бұғыларының саны үш жүзден асты