Елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін 13 мың шақырым жол жөнделген
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында ел аумағында көрсетілген көлік қызметінің көлемі 20 пайыз өсім көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Жылдың 10 айында көлік қызметтерінің көлемі 20,7 пайыз өсіп, негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,4 пайыз артты. Ал транзиттік жүк көлемі 29,4 млн тоннаға жетті, 5 пайыздық өсім көрсетті", — деді министр.
Оның сөзінше, елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін 13 мың шақырым жол жөнделген.
"Республикалық жолдардың 93 пайызы техникалық жағдайы нормативке сай. Ішкі шекарадағы өткізу пункттері модернизацияланып жатыр. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу бекетін аяқтау жоспарланып отыр", — деді Нұрлан Сауранбаев.
Оқи отырыңыз: 2026–2028 жылдарға арналған экономикалық бағдарлама талқылауы аяқталды