Қазақстан балалары: Мектепте оқушылардың қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды

30.01.2026 21:43

Ықтимал қауіптер анықталған жағдайда, жауапты қызметтерге жедел түрде хабар беріліп, баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылданады

Almaty.tv

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізуді көздейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ықтимал қауіптер анықталған жағдайда, жауапты қызметтерге жедел түрде хабар беріліп, баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылданады.

Сонымен қатар балалардың, ата-аналардың және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, балалардың интернетке қолжетімділігін реттеу, оның ішінде түнгі уақытта пайдалануын шектеу шаралары қарастырылған. Бұл бастамалар балаларды зиянды контенттен, кибер қауіптерден және цифрлық гигиенаны бұзудан қорғауды күшейтуге бағытталған.

Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы заңнама жаңартылып, цифрлық қауіптердің алдын алу тиімділігін арттыру және қабылданатын шаралардың жүйелілігін қамтамасыз ету көзделеді.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-дағы көрсеткішті жақсарту үшін не істеу қажет - маман кеңесі