Іс-шараға қалалық әкімдік өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан – бейбітшілік пен бірліктің кепілі» атты конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға қалалық әкімдік өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Алқалы басқосуда Ассамблеяның отыз жыл ішіндегі толымды жетістіктері, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтудағы тиімді тәжірибелер сөз болды. Сондай-ақ алдағы жылға жоспарланған жаңа жобалар мен бастамалар талқыланды. Мәселен биыл 17 мың адамды қамтыған 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Қатысушылардың айтуынша, мұндай маңызды жиын ел ішіндегі татулықты бекемдеуге септеседі.
«Елімізде 100-ден астам этномәдени бірлестік тіркелген. Бәрі бір-бірінің салтын, дәстүрін, тілін құрметтейді. Бұл Қазақстанымыздың руханиятын арттырады деп білемін», – деді Алматы облысы Қоғамдық келісім және даму орталығының басшысы Елболсын Сәкенұлы.
«Ассамблея барлық ұлт өкілін бір шаңырақ астына жинап, бір ата-ананың баласы сияқты еліміздің өсіп-өркендеуіне, халықтың тату-тәтті өмір сүруіне үлес қосады. Соның ішінде ұйғыр халқы ел бірлігіне ұйытқы боп келеді», – деді Ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Долқұнтай Абдухалил.
Оқи отырыңыз: Кеген ауданында Мәдениет үйі ашылды