Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны мерекелік акцияға қосылды
Республика күні қарсаңында сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жеңілдіктер ұсынады
Қазақстанда Республика күні қарсаңында Republic Day және Bereke Fest акцияларын қамтитын жалпыұлттық мерекелік жеңілдіктер науқаны басталды. Оған 17 қазаннан еліміз бойынша 649 сауда нысаны қосылды. Republic Day акциясы ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда кешендерінде өтсе, Bereke Fest сауда желілерін қамтиды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тұтынушылар үшін азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға арнайы бағалар қойылған. Мерекелік ұсыныстар 27 қазанға (қоса алғанда) дейін жалғасады. Тауарлардың жекелеген санаттарына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Жалпы жеңілдік мөлшері тауар ассортименті мен акцияға қатысушы сауда ұйымдарының шарттарына байланысты.
Republic Day акциясы аясында 232 сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйі жеңілдіктер ұсынады.
Bereke Fest акциясына бөлшек сауда желілерінің 417 дүкені қосылды. Мерекелік ұсыныстар еліміздің басқа өңірлеріндегі сауда нысандарында да қолжетімді.
Бұл акциялар тұтынушылар белсенділігін арттырып, ішкі сауданы дамытуға бағытталған. Сондай-ақ мерекелік науқан тауарларды төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігімен қатар, сауда ұйымдарына келушілер санын мен сату көлемін арттыруға, ал отандық өндірушілерге бөлшек сауда желілеріндегі өнім үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жалпыұлттық науқанды Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырды. Акцияға қатысушы сауда нысандарының мекенжайлары көрсетілген толық тізімі әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында көрсетілген. Жеңілдіктер мөлшері, тауар ассортименті және сатып алу шарттары туралы ақпаратты сауда ұйымдары жариялайды.
Мерекелік акциялар 2026 жылғы 27 қазанда аяқталады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда киберқылмысқа қарсы жаңа шаралар қабылданды