Миссия құрамына мол жұмыс тәжірибесі бар мамандар кірді
Қазақстан 3 қарашаға қараған түні магнитудасы 6,3 болған қатты жер сілкінісінен кейін Ауғанстанға медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президенттің тапсырмасы бойынша өткен аптадан бері жұмыс істеп келе жатқан гуманитарлық жүк және медициналық бригада жіберілді. Мемлекеттік резервтен дәрі-дәрмектер, хирургиялық құралдар, таңғыштар, шатырлар, төсек-орын жабдықтары және басқа да қажетті ресурстар жеткізілді.
Миссияның құрамына көптеген жарақаттармен, полижарақаттармен және шұғыл жағдайлармен жұмыс тәжірибесі бар мамандар кірді.
Осы уақыттың ішінде қазақстандық дәрігерлер ондаған консультациялар, зерттеп-қараулар мен операциялар өткізді. Мамандар жергілікті дәрігерлерге пациенттерді таратуға, хирургиялық емшаралардың кезектілігін жоспарлауға, бірлескен талдаулар жүргізуге және ең қиын жағдайларға қосылуға көмектеседі.
Оқи отырыңыз: ЖРВИ-ге қарсы препараттар жетіспейді: ДСМ әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды