Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv
Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.
«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес:
"Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы бірінші сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы туған күніне орай Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады