Референдумға дейін:
9
күн
17
сағат
8
минут

Қазақстан киносының күндері ауылдан басталды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Апта бойы өңір тұрғындары үздік қазақстандық фильмдерді тамашалай алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан киносы күндерінің ашылу салтанаты Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишимское ауылында өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Жобаның басты мақсаты – ұлттық киноны еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындарына, соның ішінде шалғай елдімекендерге де қолжетімді ету.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, ашылу салтанатында болған оқиғаларға негізделген, Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» фильмі көрсетілді.

Апта бойы өңір тұрғындары мемлекет қолдауымен түсірілген үздік қазақстандық фильмдерді тамашалай алады.

Сондай-ақ облыста аудандық креативті IT-орталық – «Digital Zerde» базасында Цифрлық музей ашылды. Аталған музей – аудан тарихын заманауи технологиялар арқылы таныстыратын интерактивті кеңістік.

Жоба - ауылдарда цифрлық және креативті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған Digital Aimaq бастамасының бір бөлігі.

Өткен жылы Кино күндері аясындағы көрсетілімдер еліміздің барлық өңірлерінде өтіп, шамамен 2 миллион көрерменді қамтыды.

Биыл жоба жалғасын тауып, Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтарын арқау еткен фильмдерді өзге өңірлерде де ұсынатын болады.

Оқи отырыңыз: Семейде мәдениет өкілдері Конституция жобасын талқылады

Новости партнеров