Қазақстан мен Қытай экология саласындағы әріптестікті нығайтуда

Екі ел өкілдері Алматыда бас қосып, саладағы мәселелерді шешу жолдарын талқылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мен Қытай арасында экологиялық әріптестік нығайып келеді. Бүгін екі ел өкілдері Алматыда бас қосып, саладағы мәселелерді шешу жолдарын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілішісі.

Оның аясында сарапшылар мұздықтарды қорғау, шөлейттенуге қарсы күрес, биоалуантүрлілікті сақтау, адам мен қоршаған ортаның үйлесімділігі сияқты маңызды тақырыптарды назарға алды. Сондай-ақ басқосу барысында табиғатты қорғауға бағытталған бірқатар меморандумға қол қойылды. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралардың өтуі – екі ел экологиясы үшін де маңызды.

«Алматы зообағымен ынтымақтастық орнатып, етене жақын жұмыс істегіміз келеді. Біздің амандар үшін де, қазақстандық әріптестер үшін де тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік. Сондай-ақ қар барысын қорғау, оны күтіп ұстау сынды шаруаларда бірлесе жұмыс атқару қажет. Оған қоса, табиғатты қорғау – баршамыздың алдымызда тұрған маңызды іс», – деді Цинхай провинциясы Жануарларды қорғау және көбейту орталығының бөлім меңгерушісі Ци Синчжан  (Қытай).

  Оқи отырыңыз: Цифрлық жазылымдар: қажеттілік пе, әлде байқалмайтын шығын ба