Қазақстан мен Лаос арасында бірқатар құжатқа қол қойылды
Құжаттар ішінде Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум да бар
Қазақстан мен Лаос басшыларының қатысуымен екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум жасалды.
Сондай-ақ Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Лаостың Жоғарғы халық прокуратурасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Бұдан бөлек, Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаостың Ғылым және технологиялар министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді.
Сонымен қатар Астана мен Лаостың астанасы Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандумға қол қойылды.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді