Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

14.05.2026 19:42

 Сонымен қатар президенттерге Astana Smart City жобасы жөнінде баяндалды

Ақорда

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, 
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды.
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.

 Сонымен қатар президенттерге Astana Smart City жобасы жөнінде баяндалды.

Оқи отырыңыз: Түркия президентімен кездесу: Мемлекет басшысы баспасөз конференциясын өткізді