Қазақстан ревматологиясы халықаралық деңгейде талқыланды

15.05.2026 16:22

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ревматологтар цифрлық технологияларды енгізу жоспарын да талқылады

Әлемнің 20-ға жуық елінен келген ревматологтар Алматыда өткен  IX конгресте бас қосты. Қонақтар Ұлыбритания, Жапония, Сингапур, Біріккен Араб әмірліктері, Үндістан, Пәкістан сынды мемлекеттерден жиналды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Осылайша мегаполис ревматологияның негізгі мәселелерін талқылайтын халықаралық алаңға айналды. Форумда цифрлық регистрлерді интеграциялау және молекулалық-генетикалық зерттеулерді дамыту бастамасын қолдау басты назарға алынды. Мамандардың айтуынша, бұл қадам жүйелік ауруларды емдеу ісіне зор мүмкіндік береді. Ал елімізде ревматоидты артритке шалдыққан науқастардың бірыңғай цифрлық регистрін енгізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«Негізгі мақсаты – елдегі ревматология саласының дамыту. Іс-шарада көптеген ғылыми бағыт талқылануда. Қазақстанда өтіп жатқан іс-шараны бүкіл Азия тынық мұхит, жер шарының жартысы көріп жатыр. Осында 400-ден астам адам қатысып жатыр және Азияның 33 мемлекеті көріп отыр», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы Ғалымжан Тоғызбаев.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ревматологтар цифрлық технологияларды енгізу жоспарын да талқылады. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе мыңдаған азаматтың мүгедектік болмауына көмектеседі.  2029 жылы 2 мыңнан астам ревматологты қамтитын конгрес өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар шетелдік сарапшылар Қазақстан ревматологиясының жыл сайын ілгерілеп келе жатқанын айтты. ¤

«Соңғы жылдары Қазақстан ревматологиясы айтарлықтай дамып келе жатыр. Конференция алдында жас мамандарға арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, резиденттерге буындарға иньекция жасау, түрлі процедураларды орындау мен буындардың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу үйретілді. Әрине, бұның бәрі болашақта Қазақстандағы ревмотологияның одан әрі жақсаруына ықпал етеді», – деді форум қатысушысы Нигат Ахмад  (Пәкістан).

Оқи отырыңыз: Алматы экономикасына 476 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды