Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлімдеді
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің іске қосылу күні белгілі болды. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv
«Ертең дайындық жұмысы тағы бір күн жалғасады. Одан кейін пайдалана аласыздар», – деді Өтебаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы кулуарында.
Елорда тұрғындары LRT қызметін 17 мамырдан бастап пайдалана алады.
Оқи отырыңыз: Астанада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды