Қазақстан ұстаздардың еңбегі жоғары бағаланатын елдердің қатарында екінші орынға көтерілді

«Педагог мәртебесі туралы» заңға түзетулер әзірленіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан – ұстаздардың еңбегі жоғары бағаланатын елдердің қатарында әлем бойынша екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зерттеулерге сәйкес, мұғалімдердің еңбек жағдайына қанағаттану деңгейі 95 пайызды құрап отыр. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіровтің айтуынша, бұл көрсеткіш мектептердегі жалпы жағдайдың жақсарғанын, педагог мамандығының қоғамдағы беделі артқанын және мұғалімдерге деген сенімнің күшейгенін аңғартады.

Сондай-ақ алдағы уақытта ұстаздарды қолдау шаралары жалғасын табады. Қазір «Педагог мәртебесі туралы» заңға түзетулер әзірленіп жатыр. Заң жобасында мұғалімдердің құқығын бұзған немесе құрметсіздік көрсеткен азаматтарға қатысты жауапкершілікті күшейту көзделген. Енді құқық бұзушылар ескертусіз бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Бұрын бірінші рет орын алған педагогтердің құқығын бұзу фактілері бойынша ескерту берілетін болса, енді бұзушылыққа жол берген азаматтар бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ педагогтерді қағазбастылықтан арылту, балаларға қатысты мектептен тыс орын алған кез келген жазатайым жағдай үшін ата-аналардың жауапкершілігін күшейту шаралары көзделуде. Педагогтердің қоғамдағы мәртебесін арттыру және құқығын қорғау бойынша жұмыстар жалғасатын болады», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров.

Оқи отырыңыз: Жүк лифтісіне қысылып, көз жұмған перзентхана қызметкерінің ісіне нүкте қойылды

 

 

Новости партнеров