Қазақстанда 1 млн-ға жуық азамат жасанды интеллект бойынша оқудан өтті

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Азаматтар қызығушылығының жоғары болуы бастамалардың өзектілігі мен сұранысқа ие екенін көрсетеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекет басшысының цифрлық және ЖИ-экономиканы құру үшін мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысы туралы хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында Президент ЖИ саласында мамандарды жүйелі даярлаудың және цифрлық білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын.

Осы міндеттерді іске асыру аясында министрлік ЖИ және цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған 5 жылдық оқыту бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 900 мыңнан астам азамат сала бойынша білім алып, оқу мен жұмысқа қажетті базалық және қолданбалы құзыреттерді меңгерді.

Азаматтар қызығушылығының жоғары деңгейде болуы бастамалардың өзектілігі мен сұранысқа ие екенін көрсетеді. Оқыту бағдарламасы ЖИ мен цифрлық қызметті пайдаланудан бастап, IT-мамандарды даярлау мен ұйымдардың бизнес-үдерістеріне ЖИ-ді енгізуге дейінгі бағыттарды қамтиды.

«Мақсатымыз - ЖИ-дағдыларын оқушылар мен студенттерге, педагог, мемлекеттік қызметшілер және компания қызметкерлеріне, яғни баршаға қолжетімді ету. Атқарылған жұмыс нәтижесі адамдардың сала бойынша білім алып, ЖИ-ді тәжірибе жүзінде қолдануға дайын екенін көрсетіп отыр. Біз технологияларды пайдалы әрі қауіпсіз қолдану ережелерін сақтай отырып, бағдарлама аясын кеңейтуді жалғастырамыз», - деп атап өтті министрлікте.

Бағдарлама азаматтардың ЖИ сауаттылығы, IT саласындағы мамандарды даярлау, мемлекеттік аппарат құзыретін арттыру, ұстаздарды қолдау, жасөспірімдерді тарту, сондай-ақ ұжымдық деңгейде ЖИ-ді енгізу сияқты бірнеше деңгейден тұрады.

Бағдарламаның негізгі бағыттары мына сілтемеден біле аласыз.

 

Айта кетейік, еліміз бойынша 19 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді, онда кез келген азамат цифрлық дағдыларды тегін меңгеріп, практикалық дайындықтан өте алады. Онлайн форматтар тұрғылықты жеріне қарамастан оқуға мүмкіндік береді.

Азаматтар  белсенділігінің жоғары болуы мен қатысу ауқымы бағдарламаның өзектілігін дәлелдейді. Қазақстан цифрлық экономикаға өту үшін жүйелі түрде ЖИ-сауаттылықты арттырып, кадрлық резервті  қалыптастырып келеді. Министрлік білім беру, мемлекеттік басқару және бизнес салаларындағы нақты міндеттерді орындау мақсатында осы бағыттағы ауқымды жұмысты одан әрі жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Елімізде еңбек заңнамасын бұзған кәсіпорындарға 524 млн теңге айыппұл салынды

Новости партнеров