Қаржы нарығын реттеу агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұржан Тұрсынханов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Нұржан Тұрсынханов 2020 жылы Назарбаев Университет, «Executive MBA» басшыларына арналған Іскерлік әкімшілік магистрі.

2003 жылы Ноттингем Университеті, экономика ғылымдарының бакалавры.

Кәсіби тәжірибесі:

2020 жылдан бастап «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

2019 ж – қазіргі уақытқа дейін Монетарлық операциялар департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

2015 – 2019 жж Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Монетарлық операциялар департаментінде басшылық қызметтерін атқарды.

2015 – Төрағаның Орынбасары, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ.

2012 – 2015 жж – Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ.

2004 – 2012 жж – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Монетарлық операциялар департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2003 - 2004 жж  – Қазынашылық департаментінің трейдері, «HSBC Банк Қазақстан» ЕБ АҚ.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 млн-ға жуық азамат жасанды интеллект бойынша оқудан өтті

Новости партнеров