Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депуттардың Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды дамыту жөніндегі шаралар туралы сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елімізде одан әрі цифрлық трансформация үшін заманауи нормативтік негіз құрылғаны, сондай-ақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
«Өте маңызды мәселе мамандарды даярлау. Өздеріңізге белгілі AI Sana бағдарламасы шеңберінде 1 млн-нан астам адам осы ЖИ-мен жұмыс жасау негіздерін үйренді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды ары қарай да жалғастырамыз. Мектептерде, ЖОО-ларда бұл өте маңызды мәселе»,— деді Олжас Бектенов.
Оқи отырыңыз: Елімізде ұлттық жобалар аясында жүздеген әлеуметтік нысан салынды