Қазақстанда 42 су қоймасы салынады
Жаңа нысандар тапшылықтың алдын алып, елдің су қауіпсіздігін күшейтеді
Қазақстанда 42 су қоймасы салынады. Су министрлігінің дерегінше, Түркістан облысында екі нысанның құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында тағы 3 қойма салу жұмыстары басталған. Жаңа нысандар тапшылықтың алдын алып, елдің су қауіпсіздігін күшейтеді. Сонымен қатар 37 резервуар реконструкциядан өтіп, 14,5 мың шақырым арна жөнделіп, суару жүйелері цифрландырылады. Тіршілік нәрін үнемдеу бағытында да нәтиже бар. Былтыр шаруалар 543,5 мың гектар егістікте су үнемдеу технологияларын қолданған. Нәтижесінде 874 миллион текше метрге жуық ресурс үнемделген.
«Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы да белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. 2024-2025 жылдары су саласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 677 миллиард теңгені құрап, алдынғы 2 жылмен салыстырғанда 79 пайыз артты», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Оқи отырыңыз: Түркістанда көше ластағандарға айыппұл салынды