Мониторинг жыл сайын сәуірден қарашаға дейін жүргізіледі
Еліміздегі заңсыз қоқыс орындарының саны бес жылда екі еседен астам азайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Бұл туралы Орталық коммуникалциялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков мәлім етті.
Оның айтуынша, заңсыз қоқыс полигондары санының тұрақты түрде азаюына қол жеткізілді. 2020 жылы 66% жойылу деңгейімен 8000-нан астам қоқыс полигоны анықталса, онда 2025 жылы анықталған қоқыс полигондарының саны 3828-ге дейін азайды, ал жою деңгейі 97%-ға жетті.
«Бақылау тиімділігін арттыру үшін Министрлік Ұлттық компаниямен бірлесіп, ғарыштық мониторингтің қамту аймағын үнемі кеңейтіп келеді. 2018 жылы мониторинг 16 елдімекенді қамтыса, 2024 жылға қарай қамтылған аумақтар саны 46-ға дейін артты. Бақылау аймағына республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, ірі елді мекендер және Баянауыл және Бурабай ұлттық парктерін қоса алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кіреді», - деді спикер.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға қандай жаза қолданылады