Қазақстанда 900 мектеп қашықтан оқытуға көшті

Depositphotos
Depositphotos

Тұмау салдары пневмонияға айналуы мүмкін, әсіресе 5 жасқа дейінгі кішкентай балаларға қауіпті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ЖРВИ мен тұмау жағдайларының көбеюіне қатысты ел бойынша 250 мыңға жуық оқушы қашықтан оқып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Қашықтан оқытуға елдің 13 өңірінде 11 813 сынып көшірілді. Жалпы, 903 мектепте қашықтан білім алуға 250 мыңға жуық бала ауысты. Бұл ретте, кешеден бері біршама динамика бар", — деді Т. Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың асқынып кету қаупі бар. Тұмау салдары пневмонияға айналуы мүмкін, әсіресе 5 жасқа дейінгі кішкентай балаларға қауіпті.

"Сондықтан ата-аналар жағдайды үнемі қадағалап, қажет болған жағдайда медициналық мамандарды шақыруы керек", — деді вице-министр.

Оқи отырыңыз: Президентті «Ынтымак Ордо» резиденциясында Садыр Жапаров күтіп алды

 

Новости партнеров