Қазақстанда ауылдық жерлердегі қоқыс шығару жүйесі жаңартылады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Төрт облыста қалдықтарды басқарудың жаңа моделі сынақтан өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда қалдықтарды басқару саласындағы кешенді реформаны іске асыру жалғасып жатыр. Негізгі бағыттардың бірі – ауылдық елді мекендерде коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму жүйесін жолға қою, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінде өткен кеңесте ауылдық жерлерге арналған қалдықтарды басқарудың жаңа, бейімделген моделі талқыланды. Жүйе әр өңірдің ерекшелігіне қарай қалыптастырылады.

Қазір министрлік өңірлермен бірлесіп, қалдықтарды басқару инфрақұрылымына қажеттілікті нақтылап жатыр. Бұл ретте халық саны, елді мекендер арасындағы қашықтық, қолданыстағы нысандар және көршілес аудандар мен облыстардың инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндігі ескеріледі.

Жоба пилоттық форматта Алматы, Маңғыстау, Қызылорда және Ақмола облыстарында іске асырылмақ.

Жаңа жүйенің басты мақсаты – ауылдық елді мекендерді қоқыс шығару қызметімен толық қамту және қалдықтарды әкетудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру. Бұл ауылдарда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болу мәселесін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қалдықтарды шығаруды цифрландыру және жаңа инфрақұрылымның жұмысын бақылау тетіктерін енгізу жоспарланып отыр, 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді