Елде 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылды
2025 жыл отандық автомобиль жасау саласы үшін шынымен де тарихи жыл болды. ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, елде 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылды. Бұл - өткен жылдағы ең жақсы айлық көрсеткіш, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда шығарылым көлемі 25,5%-ға өсті, бұл саланың сенімді ілгерілеуін айқын көрсетеді. Жеңіл автомобильдер сегменті өсімнің негізгі қозғаушы күші болды.
"Бір айда қазақстандық кәсіпорындар 20 730 жеңіл автокөлік, сондай-ақ 807 жүк көлігі, 646 автобус, 310 тіркеме және жартылай тіркеме, сондай-ақ 87 арнайы мақсаттағы көлік шығарды. Осы көрсеткіштер өндірістік қуатты белсенді түрде кеңейтіоіп, Қазақстанда жергілікті деңгейде өндіріледі", - делінген хабарламада.
2025 жылдың алғашқы 11 айында елімізде 2,03 триллион теңгеге 146 163 дана жабдық өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық.
Бүгінде автомобиль жасау саласы бүкіл машина жасау секторының 41,7%-ын құрайды, бұл экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі ретіндегі мәртебесін сенімді түрде нығайтады.
Оқи отырыңыз: Биыл білім берудің тұтас және орнықты жүйесін құруға бағытталған шаралар жүзеге асырылады