Қазақстанда азық-түлікті тұтыну көлемі артты

28.04.2026 21:28

Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады

Almaty.tv

2025 жылы бұған дейінгі жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткіші өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бюро азық-түлік тұтынуы бойынша іріктемелі зерттеу нәтижелерін жариялады. Орта есеппен жан басына шаққанда бір айдағы тұтыну көлемі: картоп – 3,8 кг 1-сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг сиыр еті – 2,1 кг алма – 1,6 кг құмшекер – 1,5 кг күріш – 1,4 кг шикі сүт – 1,1 литр айран – 1 литр жұмыртқа – 17,6 дана макарон өнімдері – 0,9 кг жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг қара шай – 0,1 кг

Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі.

Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады.

Оқи отырыңыз: Жер асты суы көтеріліп жатыр: Атырауда тұрғындардың баспанасы су астында қалды