Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы белгілі болды
Кезектен тыс сайлау күнін Орталық сайлау комиссиясы жариялады
29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңа құрамы сайланады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кезектен тыс сайлау күнін Орталық сайлау комиссиясы жариялады. Ал қолданыстағы жергілікті өкілді органдар өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Тиісті жарлыққа кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған еді.
Айта кетейік, Президент депутаттық корпусты жаңарту қажеттігін 24-інші қыркүйекте өткен Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында айтқан болатын.
Мемлекет басшысының сөзінше, бұл сайлау мәслихаттардың жұмысына тың серпін беріп, кәсіби депутаттар құрамын қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
Енді ел көлемінде ауқымды сайлау науқаны басталады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда инфляция көрсеткіші төмендеді