Қазақстанда цифрлық жазбалар сотта ресми айғақ ретінде пайдаланылуы мүмкін

Электронды хаттар, бейнежазбалар немесе басқа да сандық деректер сот процесінде заңды дәлел ретінде мойындалады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда цифрлық жазбалар сотта ресми айғақ ретінде пайдаланылуы мүмкін. Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елімізде  азаматтық құқықтық қатынастар мен сот процестерінде «цифрлық дәлелдер» ұғымы пайда болады. Мәжіліс депутаттары «цифрлық жазбалар – логоларды және транзакцияларды заңдық маңызы бар дереккөз ретінде тануға жасалған маңызды қадам» дейді. Заң жобасындағы тағы бір жаңалық енді. Азаматтарға цифрлық іздерін жою құқы берілмек. Бұл тек интернеттегі ақпаратқа ғана емес, әртүрлі деректер базасында сақталатын мәліметтерге де қатысты болады.

«Естен шығару» құқығын жүзеге асырудың үш тәсілі бар. Бірінші тәсіл деректерді толық жою. Бірақ цифрлық әлемде бұл әдіс сирек жүзеге асады. Екінші тәсіл деректерді жергілікті сақтау. Мысалы, бір дүкеннен жеңілдік картасын алған болсаңыз, сол картада шағын база бар, оны шын мәнінде жою оңай. Ал қалған жағдайларда деректерді жою қиын. Үшінші тәсіл деректерді анонимдеу. Яғни, жеке тұлғаңызды анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттарды деректерден алып тастау», – деді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.

 Мәжіліс отырысында депутат Мұрат Әбенов қазіргі таңда банктерде биометриялық тексеру дұрыс жүргізілмейтінін айтты. Оның сөзінше, банктер клиенттердің жеке деректерін растайтын негізгі базаға қол жеткізе алмай отыр. Өйткені олардың ешқайсысына биометрия жүргізуге ресми рұқсат берілмеген. Нәтижесінде алаяқтар өз амалдарын іске асыруда. Осыған байланысты жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун ведомство бірыңғай биометриялық базаны құру жұмысы жүріп жатқанын хабарлады. Жаңа жүйе қауіпсіздікті арттырып, көпфакторлы және биометриялық тәсілдерді қамтиды.

«Біз биометрия стандарттарын, биометриялық процестерді бекітуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде биометрияның міндетті түрде қолданылуы заң деңгейінде қарастырылуы керек деп санаймыз, яғни тек ережелер мен ішкі актілер арқылы емес. Себебі бұл талаптарды бақылау қажет, міндетті биометрия белгілі бір тексерулерден өтіп, депутаттармен де талқылануы тиіс», – деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитирий Мун.               

Мәжіліс әзірге Цифрлық кодекс жобасы мен оған қосымша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Екінші оқылымда заңның барлық бабы мен жаңалықтары егжей-тегжейлі талқыланатын болады.

Айта кетейік, жаңа кодексті депутаттар Қазақстанның цифрлық мемлекетке айналуын қамтамасыз ету мақсатымен әрі Президенттің биылғы Жолдауындағы тапсырмаларды орындау үшін әзірлеген.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 12 оқушы астан уланды

Новости партнеров