Министр етке деген сұраныс шет елде де өте жоғары екенін айтты
Қазақстанда қой еті қымбаттап кетті. Сауда министрі Арман Шаққалиев Үкіметте өткен брифингте ақпаратты жоққа шығармады, деп хабарлайды Almaty.tv
Десе де күрт қымбаттау байқалмайтынын айтты. Оның сөзінше, тек ұсақ мал еті емес, жалпы ет өнімдерінің бағасы өскен. Алайда қалыпты деңгейде деп отыр. Ведомство басшысы базарға қарағанда сауда желілерінде ет басғасы қымбат екенін жасырмады. Ол демалыс күні нарықта сиыр жілігінің келісі 3700-ден саудаланғанын жеткізді. Министр етке деген сұраныс шет елде де өте жоғары екенін айтты. Мәселен, әлем бойынша тұтыну көлемі Қытай мен Африкада едәуір өскен.
«Расымен ет өнімдері бойынша баға динамикасын байқап отырмыз. Айта кету керек біз ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп бірқатар шара қабылдадық. Оның ішінде экспортты квоталау және өнімсіз делдалдарды шектеу шаралары бар. Қазіргі баға динамикасына қарасақ, өсім бар, бірақ ол қалыпты деңгейде. Ең бастысы – ет сатылымда бар», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Оқи отырыңыз: Қазақстан негізгі өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр