Қазақстанда ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Олар ғылым қалашықтары және ғылыми-технологиялық парктер форматында дамиды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады, деп хабарлайды Almaty.tv

Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ғылым мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер елдің ғылыми-технологиялық және инновациялық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Осы мақсатта ғылыми және технологиялық ресурстарды тиімді шоғырландыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылымның инвестициялық тартымдылығын арттыру тетіктері ұсынылады. Атап айтқанда, ғылымды қажетсінетін аумақтарды дамытуға құқықтық негіз қалыптастырылады.

Олар ғылым қалашықтары және ғылыми-технологиялық парктер форматында дамиды.

Ғылым қалашықтары – ғылымды қажетсінетін технологиялар мен инновацияларды дамытуға жағдай жасалатын елдімекендер болса, ғылыми-технологиялық парктер – жоғары оқу орындары, ғылыми институттар мен өндірісте ғылыми әзірлемелерді енгізген кәсіпорындар базасында құрылады.

Олардың негізгі мақсаттары мен міндеттері, басқару және қаржыландыру тетіктері, сондай-ақ қызметін бақылау және мониторинг жүргізу тәртібі айқындалады.

Бұдан бөлек, ғылымды қажетсінетін аумақтарды дамытуға ынталандыру шаралары және ғылым қалашықтарына қатысушы ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау тетіктері бекітіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда рейтинг агенттіктерінің ақпарат сапасына қатысты талаптар енгізіледі

Новости партнеров