Қазақстанда рейтинг агенттіктерінің ақпарат сапасына қатысты талаптар енгізіледі

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Заң жобасы Қазақстанда рейтингтік қызметтер нарығын ашық әрі тәуелсіз қалыптастыруға бағытталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv

Құжат 2022 жылғы 26 қыркүйекте Президент Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленген. Заң жобасы Қазақстанда рейтингтік қызметтер нарығын ашық әрі тәуелсіз қалыптастыруға бағытталған.

Алғаш рет рейтингтік агенттіктердің қызметінің құқықтық және институционалдық негіздері заңнамалық деңгейде бекітіліп, отандық нарықты дамытуға және рейтингтелетін ұйымдар мен кредиттік рейтингтерді пайдаланушылардың құқықтарын қорғауға жағдай жасалады.

Құжатта қазақстандық рейтингтік агенттіктерді құруға қажетті талаптар қарастырылған. Бұл ретте нарық халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктер үшін ашық күйінде қалады.

Сонымен қатар заң жобасында рейтингтік агенттіктердің қызметіне қойылатын негізгі талаптар айқындалады. Олар пайдаланылатын ақпараттың сапасы мен сенімділігіне, әдіснамалардың ашықтығы мен негізділігіне қатысты. Бұдан бөлек, рейтингтік агенттіктердің қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптар, оның ішінде капиталдың мөлшері мен құрылымы белгіленеді.

Сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу тетіктері енгізіледі.

Бұдан басқа, халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану тәртібі белгіленеді. Саланы мемлекеттік реттеу мәселелері де қамтылып, уәкілетті органның өкілеттіктері мен заңбұзушылықтар болған жағдайда қолданылатын шаралар айқындалады.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында борышкер ата-аналардан 500 млн теңге алимент өндірілді

Новости партнеров