Қазақстанда кәсіпкерлік – экономиканың тұрақты дамуының негізі

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бизнес – кез келген елдің экономикалық тірегі. Қазақстанда жеке меншік институтын қорғау және кәсіпкерліктің өркендеуіне жағдай жасау – мемлекеттің стратегиялық бағыты. Елдің бизнес-секторы экономика мен қоғамның тұрақтылығы үшін шешуші рөл атқарады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Бизнес – кез келген елдегі экономиканың негізгі тірегі. Біз ұзақ жолды жүріп өттік. Осы жолда жұрт жеке меншік институтына ешкім қол сұқпауға тиіс екенін түсіне бастады.

Мен мемлекеттік билік жүйесінде жоғары лауазымды қызметтерді атқара жүріп, сөзбен де, іспен де ұлттық буржуазияның заңды мүддесін қорғауға тырыстым. Себебі, экономиканы өркендету және мемлекеттің қоғамдық негіздерін нығайту ісінде кәсіпкерлер елеулі рөл атқаратынын жақсы түсінемін.  

Тарихи себептер мен ұлт болмысындағы ерекшеліктерге байланысты ірі бизнесмендеріміз қарапайымдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерге мән бере қоймайтыны рас. 

Мен Швейцарияда жұмыс істеп жүргенде аса ірі әрі белгілі кәсіпкерлермен кездесулер өткіздім. Сол кезде олардың өз қаражатын өте үнемдеп жұмсайтынын және елден дараланып көзге түскісі келмейтінін көріп, таңғалдым. Миллиардтаған қаржысы бар адамдар қонақүйдің қарапайым бір бөлмесінде тұруға намыстанбайды. Жеке ұшақпен ұшпақ түгілі, бірінші санаттағы орындарға да отырмайды. Бірақ, бұл – олардың бойында ғасырлар бойы қалыптасқан дағды.    

Ал, біздің кәсіпкерлеріміз үшін қалыпты көрінетін өмір салты кейде қоғамның наразылығын тудырып жатады. Мұндай жағдай көптеген елде бар. Сол үшін де қайырымдылық қызметі жұмыс істейді. Бұл – қоғам мен бизнес арасындағы өзара келісім іспеттес.

Қазақстанда кәсіпкерлік қоғам мен мемлекеттің арасындағы өзара сенімділік пен келісімге негізделген. Жеке меншік институтын қорғау және кәсіпкерлікке қолайлы орта құру арқылы ел экономикалық тұрақтылыққа, инновация мен өркендеуге қол жеткізеді. Қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік бизнес пен қоғам арасындағы сенімді байланысты нығайтады, бұл еліміздің дамуына айрықша үлес қосады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты - Қасым-Жомарт Тоқаев

Новости партнеров