Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні неше нәресте дүниеге келді

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Оның ішінде 318 ұл және 339 қыз бала бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау күні Қазақстанның медициналық ұйымдарында 657 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 318 ұл және 339 қыз бала бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Алматы қаласында – 60 бала, Түркістан облысында – 54, Шымкент қаласында – 51 бала тіркелді. Ел бойынша бір егіздер жұбы дүниеге келді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жүкті әйелдерді қауіпсіз бақылауды және босандыруды қамтамасыз етіп, ана мен жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмек көрсетеді.

657 қазақстандық отбасы үшін бұл күн ел өміріндегі маңызды саяси оқиғамен ғана емес, жаңа адамның дүниеге келуімен де мәңгі есте қалатыны сөзсіз.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды сәбилерінің дүниеге келуімен құттықтап, аналар мен балаларға зор денсаулық, отбасыларына амандық-береке және бақытты болашақ тілейді.

Оқи отырыңыз: Құрылтай депутаттарының сайлауы күні Алматыда 60 сәби дүниеге келді