Қазақстанда құрылыс сапасына мемлекеттік бақылау күшейеді

Жиында журналистер Астанада үш бала қаза тапқан өрттен кейін тұрғын үйлердің сапасы қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырғанын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда құрылыс сапасына мемлекеттік бақылау күшейеді. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында журналистер Астанада үш бала қаза тапқан өрттен кейін тұрғын үйлердің сапасы қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырғанын айтып, вице-министрден «ведомство бекіткен қауіпсіздік талаптары мен стандарттары жұмыс істемей отыр ма» деп сұраған. Салаға жауапты министрлік өкілі тергеу аяқталмай нысанға қатысты нақты баға бере алмайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол жаңа Құрылыс кодексі күшіне енгеннен кейін мемлекеттік бақылау күшейіп, құрылысқа қатысушылардың жауапкершілігі артатынын да айтты.

«Шілде айында Құрылыс кодексі күшіне енеді. Бұл жерде Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау органы нысанды қабылдауға қатысатын болады Одан бөлек, мынау құрылыс барысында құрылысқа қатысушылар техникалық қадағалу, авторлық қадағалау немесе сол мердігер мекемесіне, тапсырыс берушілерге жауапкершілік күшейтілуде», деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев.

Оқи отырыңыз: Астанада тағы бір көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Новости партнеров