Сенат тисті заң жобасын қарады
Қазақстанда Конституцияға сәйкес 77 заң мен кодекс жаңартылады. Сенат тисті заң жобасын қарады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжатта сайлау жүйесіне, прокуратура қызметіне, инвесторлардың құқықтарын қорғауға және өзге де салаларға қатысты түзетулер туралы айтылған. Сондай-ақ, Азаматтық, Жер, Еңбек, Экология, Бюджет кодекстеріне және басқа да бірқатар кодекске өзгерістер енгізіледі. Сенаторлар мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту үшін бірқатар түзетулер ұсынып отыр. Оның ішінде сайлау комиссияларын құру тәртібін нақтылау және сайлаушылардың шешімімен мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін заңмен реттеу қарастырылған. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті қоғамдастық жиындарының құрамы туралы ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында жариялауға міндеттеледі.
«Мәслихат депутаты бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша кері шақырылған жағдайда оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату рәсімін заңнамалық тұрғыдан реттеу депутатты кері қайтарып алу тәртібін реттеудегі құқықтық олқылықтарды жойып, азаматтардың өкілді билік институтына сенімін арттырады», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова.
Оқи отырыңыз: Көк байрақ, Елтаңба, Әнұран: бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні