Креативті индустрияға кіретін экономикалық қызмет түрлерінің 53-ке дейін ұлғайды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрияны дамыту және саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жұмыстарын жалғастырып келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Соның нәтижесінде креативті индустрияға кіретін экономикалық қызмет түрлерінің (ЭҚЖЖ) саны 43-тен 53-ке дейін ұлғайды.
Тізімге мынадай қызмет түрлері енгізілді:
Тізімнің кеңеюі креативті индустрия субъектілерінің аясын нақты айқындауға, олардың мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануына жол ашуға, саланың ашықтығын арттыруға әрі шығармашылық кәсіпкерліктің дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан жастары дзюдодан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды