Биыл 186 мың қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қолдаудың көпдеңгейлі жүйесі жұмыс істейді. Ол отбасылардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Жүйенің негізгі құралдарының бірі – атаулы әлеуметтік көмек. Бұл көмек отбасының табыс деңгейі мен құрамын ескере отырып тағайындалады және қолдауға мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Еңбекке қабілетті азаматтар үшін қолдау шаралары жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру бағдарламаларына қатысумен ұштасады.
Егер отбасында еңбекке қабілетті мүшелер болмаса немесе олар объективті себептерге байланысты жұмыс істей алмаса, қолдау ешқандай қосымша шарттарсыз көрсетіледі.
Сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік оқыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шаралары жүзеге асырылуда.
Мұндай тәсіл тек қаржылай көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге отбасылардың табысын арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайды.
Оқи отырыңыз: 2026 жылдың шілдесінде қазақстандықтар неше күн демалады