Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» жалғасып жатыр

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Апталыққа әрбір азамат қатысып, игі іске өз үлесін қоса алады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында елімізде «Мейірімділік апталығы» жалғасып жатыр. Бастама волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне, апталық аясында республика көлемінде әлеуметтік, экологиялық және қайырымдылық бағыттағы түрлі іс-шара ұйымдастырыстырып жатыр

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында экологиялық акция өтіп, волонтерлер аумақтарды қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

«Мейірімділік апталығына» елордалық жастар да белсенді қатысып келеді. «Астана жастары» волонтерлері қаңғыбас жануарларға арналған панажайға арнайы барып, қоршауларды тазалауға, қараусыз қалған иттерге күтім жасауға атсалысты.

«Мейірімділік апталығына» әрбір азамат қатысып, игі іске өз үлесін қоса алады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық тауарлар каталогында 24 млн-ға жуық тауар тіркелген

 

 

Новости партнеров